Главная | Регистрация | Вход | RSSВторник, 24.10.2017, 09:08

Узункольская детская библиотека

Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 26
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2014 » Июнь » 11 » Бірінші облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының ережесі
11:49
Бірінші облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының ережесі

Бірінші облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының ережесі

1. Жалпы ереже

1.1.  Бірінші облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы ( бұдан әрі —Байқау)  Қостанай облысы аумағында 2014 жылдың 27 мамыры мен  2014 жылдың 24 қазан аралығында 12-13 жасар балалар арасында өткізіледі.

1.2. Байқау – қазақстандық, ресейлік, шетелдік жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні дауыстап оқу бойынша өтетін сайыс іс- шара.  Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін прозалық шығармадан үзіндіні қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқу тапсырылады.

1.3. Байқау мақсаты мен міндеттері:

- балалар арасында кітап оқуды насихаттау;

- балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;

- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- артист талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.

2. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

2.1. Байқауды ұйымдастырушы— Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

2.2. Байқауды ұйымдастыратын және жүргізетін Ұйымдастырушы комитет (бұдан әрі —Ұйымдастырушы комитет).

2.3.Байқаудың әділ қазылар алқасын балалар жазушыларынан, кітапханашылардан, өнер және мәдениет қайраткерлерінен, Қостанай облысының қоғам қайраткерлерінен құралады.

2.3. Байқау екі кезеңнен тұрады:

- аудандық, қалалық кезең (өткізілу орны— ұйымдастырушы таңдауымен: аудандық, қалалық балалар кітапханалары, мәдениет орталықтары, мектептер т.б.);

- облыстық кезең (мәре)  (өткізілу орны  — Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы).

2.4. Бірінші кезеңге қатысуға сұраныстар Ұйымдастырушы комитетіне 2014 жылдың 15 қырқүйекке  дейін жіберіледі, екінші кезеңге қатысуға сураныстар 2014 жылыдң 6 қазанға дейін жіберіледі.  

Сұраныста көрсетілуі керек:

- қатысушының аты- жөні;

- оқу орны;

- орындалатын шығармалардың авторы мен атауы;

- байланыс телефоны, e-mail.

Байқауға қатысуға сұраныстар мен іріктеу турының нәтижелері туралы есеп мына электронды пошта арқылы қабылданады: albiblio@yandex.ru

3. Байқаудың шарты

3.1. Байқауда қазақстанды, ресейлік, шетелдік  авторлардың проза түріндегі шығармасы орныдалады.

3.2. Бір оқылымның регламенті 5-7 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысының жазбасын қолдануға болмайды. Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.

3.3. Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады, бірінші кезеңде оқушыны байқаудан аластатуға немесе байқауға күшпен қатыстыруға тыйым салынады.

4. Оқылымды бағалау

4.1. Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі  критерийлері:

-       таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;

-      сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);

-  мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына терең сезіну;

-  актерлік шеберлік;

-  орындаушының сыртқы түрі;

- шығарма тақырыбымен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен  декорацияның  үндесуі.

4.2. Қатысушылардыңөнері 10-балдық жүйемен бағаланады.

5. Байқау мерзімі мен кезеңдері

Аудандық, қалалық тур —22қыркүйек  2014 ж. 

Облыстық  тур — 24 қазан 2014ж.

6. Марапаттау

6.1. Аудандық, қалалық байқау кезеңінің жеңімпазы болып ең көп балл жинаған бір қатысушы саналады. Қостанай қ. қалалық кезеңінің жеңімпаз саны -3. Аудандық, қалалық  тур жеңімпаздары «Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезең жеңімпазы» дипломымен марапатталады (аудан мен қала қалауы бойынша).  Аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары  Байқаудың облыстық турына өтеді.

6.2. Облыстық «Сөз құдіреті» байқауының жеңімпазы болып жоғары баллдары бойынша үш қатысушы таңдап алынады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Просмотров: 237 | Добавил: Ряжское | Рейтинг: 5.0/1
Поиск
Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей

    Copyright MyCorp © 2017
    Бесплатный хостинг uCoz